Жаңалықтар тізбегі
0

Бокстан ӘЧ-2023: Карина Ибрагимова 1/8 финалға жолдама алды

Бокс, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 21:27 Сурет: sports.kz
Қазақстан боксшысы Карина Ибрагимова Нью-Делиде (Үндістан) бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

1/16 финалда 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ибрагимова колумбиялық Валерия Арболеда Мендоcамен қолғап түйістіріп, екінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Осылайша, Карина Ибрагимова әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.

Айта кетсек, Ибрагимова әлем чемпионатында екі рет жеңімпаз тұғырынан көрінген: 2018 және 2022 жылдары ол қола жүлдегер атанды. Өткен жылы Карина Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: