Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс сайлауы: алғашқы exit poll нәтижесі белгілі болды

сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2023 00:10 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда 19 наурызда өткен Мәжіліс және мәслихат сайлауының алғашқы exit poll нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауалнаманы "Еуразиялық интеграция институты" жүргізген.

Институттың әлеуметтік зерттеулер департаментінің жетекші сарапшысы Әйгерім Ергенболатқызы "Сайлау-2023" онлайн марафоны кезінде exit poll нәтижесін мәлімдеді.

Exit poll нәтижесі төмендегідей:

  • Amanat партиясына сайлаушылардың - 53,46%-ы;
  • Ауыл партиясына - 10,52%-ы;
  • Respublica партиясына - 8,9%-ы;
  • Қазақстанның халық партиясына - 6,25%-ы;
  • "Байтақ" жасылдар партиясына - 3,22 %-ы;
  • "Ақжол" партиясына - 7,87%-ы;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына - 5,31%-ы;
  • "Бәріне қарсы" - 4,47%-ы дауыс берген.

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 54,19 пайызы мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді.

Сайлаушылардың ең көбі Қызылорда облысында (65,70 пайыз), ал ең азы Алматыда (22,95 пайыз) дауыс берген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: