Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында кішкентай қыз зорланған

Түркістан облысы, зорлық, кішкентай қыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2023 10:50 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерде Түркістан облысының Арыс қаласында ер адам 5 жасар қызды зорлағаны жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Онда жәбірленуші қыздың көмейі жыртылып, жансақтау бөлімінде жатқаны жазылған.

Полиция бұл жағдайға түсініктеме берді.
"Арыс ауданында кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", –  делінген полицейлер берген хабарламада. 

21 мамырда Арыс ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызбен жүгінген.

Полицейлер күдіктіні жедел іздестіру шаралары кезінде қолға түсірді. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.
"Бұл факті ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігімен ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Тергеу шаралары жүргізілуде", – делінген хабарламада.
Полицейлердің қыздың жағдайы тұрақты екенін айтты. Сараптама қорытындысына сәйкес, қандай да бір дене жарақаты табылмаған.

Қазір қыз үйінде ата-анасының жанында.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: