Жаңалықтар тізбегі
0

Министрлік жазда балалардың демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыруға қаншалықты дайын

Министрлік жазда балалардың демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыруға қаншалықты дайын, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2023 11:03 Сурет: primeminister.kz
25 мамырда өткен үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жазғы демалыс және сауықтырумен 1-10 сыныптар аралығындағы балардың 85,3%-ы қамтылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл дегеніміз - 2,8 млн бала. Оның ішінде 500 мың жекелеген санаттағы отбасы балалары бар. Қазір лагерлерде балаларды қабылдауға дайындық қызу жүргізіліп, аяқталуға жақын.

"Каникулды асыға күткен балаларымызға қала сыртындағы 218 (118 - мемлекеттік, 100 - жеке) және 10,2 мың мектеп жанындағы, профилдік және шатырлы лагерлер есігін айқара ашады. Бұдан бөлек, оқушыларға дәстүрлер мен мәдени құндылықтармен танысуға мүмкіндік беретін «Этноауыл», «Жаздық жолдама» жобаларын іске асыру, жетекші университеттер жанындағы жазғы және олимпиадалық резерв мектептері жұмысы көзделген. Сонымен қатар жаз мезгілінде 1,4 млн бала қосымша білім беру мекемелеріндегі секциялар мен үйірмелерге қатысады. Осы мақсатта білім беру ұйымдарында ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік, экологиялық, туристік және басқа да бағыттардағы 11 мың үйірмелер жұмыс істейді", - деді Ғани Бейсембаев

Оның сөзінше, балалар «Жасыл ел» бағдарламасы шеңберінде көгалдандырумен шұғылданады, еліміздің киелі жерлеріне саяхаттайды, спорттық жаттықтыру жиындарында шынығады, тілдік курстармен қамтылады.

Министр ҚР премьер-министрінің балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы өкімін орындау мақсатында тиісті мемлекеттік органдар мына шараларды қабылдауы қажет екенін айтты:

  • Денсаулық сақтау министрлігі демалыс объектілерінің дайындығын тексеріп, санитарлық бақылауға алуы тиіс;
  • Төтенше жағдайлар министрлігі балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, демалыс орындарындағы өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша алдын алу шараларын күшейтуі қажет;
  • Ішкі істер министрлігі жаз мезгілінде аттракциондар, лагерлер, саябақтар мен ойын алаңдарындағы балалар қауіпсіздігін күшейтуі, сондай-ақ балалардың қауіпсіз тасымалдауына, жолдағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударуы қажет деп санаймыз.
  • Жергілікті атқарушы органдар:
  • Жазғы лагерлер мен алаңдарды дайындау жұмыстарын толық аяқтап, балалардың жайлы және қауіпсіз демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыруы тиіс.
"Балалардың жазғы демалысын сапалы және қауіпсіз жағдайда ұйымдастыру, өткізу министрліктің ерекше назарында болады. Бұл бағытта әкімдіктермен, министрліктермен бірлескен жұмыс жолға қойылған. Жазғы каникулды балалар үшін әсерлі әрі мазмұнды өткізу мақсатында барлық мүдделі мемлекеттік органдарды, білім беру ұйымдарын, педагогтерді, ата-аналарды бірлесе күш жұмылдыруға және балалардың жазғы демалысын өткізу шараларына жоғары жауапкершілікпен қарауға шақырамыз", - деді министр.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: