Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте ер адам массажистке шабуыл жасап, ақша аудартып алған

массаж, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2023 02:52 Сурет: pixabay
Шымкентте ер адам массажистке шабуыл жасап, ақша аудартып алған. Мұны полицияға тонаушының құрбаны болған әйелдің өзі хабарлаған.

Жәбірленушінің айтуынша, хабарландыру сайты арқылы ер адам хабарласып, массажист қызметіне тапсырыс берген. Ол массаж бөлмесіне келіп, бірден әйелге шабуыл жасап, қорқытып, өзінің шотына 21 мың теңге көлемінде ақша аудартып, қашып кеткен. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

Аталған жайтты тергеушілер ҚК-тің 191-бабы 2-бөлігі "Жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіру" бойынша тіркеуге алды.

Күдікті тәулік ішінде қала көшелерінің бірінде ұстады. Ол бұрын алаяқтық және ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 35 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Қазіргі уақытта ер адам қамауда отыр. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: