Жаңалықтар тізбегі
0

"Самға, Balapan!" жүлдесі батылдығымен, білімімен дараланған балаларға берілді

самға балапан, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2023 15:01 Сурет: Balapan телеарнасы
Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында "Қазақстан" телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен "Самға, Balapan!" балалар фестивалі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай дәстүрлі түрде өтетін іс-шараның биылғы ерекшелігі  - өз замандастары арасында ізгі әрекеттерімен, батылдығымен, еңбекқорлығымен, білім мен ғылымға, өнерге құштарлығымен дараланған балаларға "Самға, Balapan!" жүлдесі табысталды. Бұл - Balapan телеарнасының редакциялық алқасының шешімімен берілетін арнайы марапат.

Фестивальдің "Бала батыр" номинациясы 2022 жылғы 3 желтоқсан күні Атыраудағы Жайық өзенінің жағасында достарын судан аман алып қалған Дінмұхаммед Жаңбырбайға, "Спортшы балапан" номинациясы 9 жасқа дейінгі балалар арасында шахматтан әлем чемпионы, G09 бойынша FIDE рейтингінің басында тұрған Аланна Берікқызына, "Өнертапқыш бала" аталымы робототехника бойынша халықаралық байқаулардың жеңімпазы, алматылық 13 жастағы Диас Мұратовқа, "Қамқор бала" номинациясы Ақмола облысы Атбасар ауданының 10 жастағы тұрғыны, республика бойынша ең жас ерікті Ксения Пелих пен қарияларға көмек қолын созып жүрген Астанадағы №15 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы Әмина Темірхановаға табысталды.

самға балапан, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2023 15:01

Сурет: Balapan телеарнасы

самға балапан, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2023 15:01

Сурет: Balapan телеарнасы

самға балапан, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2023 15:01

Сурет: Balapan телеарнасы

"Самға, Balapan!" жүлдесінің "Менің сүйкімді кейіпкерім" арнайы номинациясын көрермен көзайымына айналған "Жібек" анимациялық мультсериалының басты кейіпкері иеленді. Жеңімпаз Balapan телеарнасының веб-ресурстары арқылы көрермендер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде анықталды.

"Номинанттарды іріктеуге ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен "Ұлттық волонтерлер желісі" бірлестігі атсалысты. Самға, Balapan! фестивалі болашақта балаларды игі істерге шақыратын бірегей алаңға айналады. Қоғамды ізгілендіру, оның негізгі мүшесі балаларды ынталандыру, инклюзивті мәдениет қалыптастыру - Balapan арнасының басты әлеуметтік міндеттерінің бірі, - деді телерадиокорпорацияның басқарма төрайымы Ләззат Танысбай. 

самға балапан, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2023 15:01

Сурет: Balapan телеарнасы

Шараның телевизиялық нұсқасы Balapan телеарнасынан 1 маусым күні сағат 13:30-да көрсетіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: