Жаңалықтар тізбегі
0

АЛЖИР түрмесінде туған бала: Менде "ана" деген түсінік болмады

Саяси қуғын-сүргін, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2023 19:30 Сурет: pixabay
АЛЖИР-де бала тууға қатаң тыйым салынған. Бірақ түрмеде 1507 бала дүниеге келді деген дерек бар. Оның шамамен 90 пайызы сол жерде жан тәсілім еткен. Солардың ішінде аман қалғаны - Георгий Каретников. Қазір ол 85 жаста. Израильде тұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Біздің тілшілер ақсақалды сол жақтан тапты.  1937 жылы Кеңес өкіметі жазықсыз талай жанды соттап, көбін атып тастағаны белгілі. Сол тұста "Халық жауы" атанған есіл ерлердің әйелдерін де қудалады. Қазіргі Астананың іргесіндегі АЛЖИР - ресми 1938 жылы ашылғанымен әйелдердің алғашқы легі 1937 жылы әкеліне бастады. Олар осында арнайы барақтар салып,  лагерьді өздері салды. Еңбекке жегілгендердің арасында жүкті әйелдер де бар еді. Соның бірі - Ольга Гальперина. Ол осында босанды. Бірақ баласын бауырына баспаған", деп хабарлайды "Хабар 24". 

"Сегізге толғанша менде "ана" деген түсінік болмады. Балалық шағым лагерьде өтті. 8 жасқа толғанда күтуші әйел алысты меңзеп, анау келе жатқан сенің анаң, "бүгін лагерьден шығасыңдар", - деді. Шешемді сол кезде алғаш кездестірдім". Ольга Гальперинаның ұлы Георгий Каретников

Алдымен Ольга Гальперинаның бұрынғы күйеуі сотталады. Кейін ол араласқан барлық туысын қудалау басталды. Жас келіншек екінші рет тұрмысқа шыққанына қарамастан оны да АЛЖИР-ге әкетті. Тұтқын еңбекпен түзету лагеріне түскен соң, Георгийдің әкесі АЛЖИР-де дүниеге келген баласынан бас тартқан.  

"Күнде таңғы 6-да Кеңес үкіметінің әнұраны ойнайтын. Әлі ес білмейтін бала болғандықтан, ұйқымды аша алмай, әзер тұратынмын. Бірақ әнұранды соңына дейін айтуға мәжбүр едік. Тамағы су татитын, бірақ амалсыз жедік. Шынын айтсам, ол кезде астың басқа дәмі болатынын білмейтін де едім. Күтушіміз де аш, бізді алдап әр баланың тостағанынан бір қасық ботқа жейтін". Георгий Каретников

Ақсақал көп естелікті ұмытқан. Бірақ, анасының музыкант болғанын біледі. Өзі де сол салада біраз жыл қызмет етіпті. Кейінге дейін АЛЖИР-дегі сұмдық жайлы ешкімге тіс жармады, тек үзіп-жұлып жұбайына ғана айтқан. 

"14-15 баланы бөлек барақта ұстаған. АЛЖИР-де болған талай сұмдықты естідім. Бір оқиға есімде: Грузиядан 1 вагон толы әйелдерді лагерьге әкелген. Оларды жаз кезінде ұстап алған. Ол сәтте тұтқындар жеңіл көйлек киіп шығыпты. Пойыз жеткенше қыс басталып кеткен. АЛЖИР-ге келген кезде вагон ішіндегі әйелдердің барлығы үсіп, қайтыс болған".Каретниковтың жұбайы Екатерина Державина

АЛЖИР-де бала тууға қатаң тыйым салынған. Бірақ түрмеде 1507 бала дүниеге келді деген дерек бар. Оның шамамен 90 пайызы сол жерде жан тәсілім етті. Өйткені, сәбилерге күтім жоқ, аналары ашқұрсақ жүрді. 

"Мұнда ешқандай жағдай жасалмаған. Жейтіндері екі қасық ботқа мен бір ожау көже. Сосын бір кесе шәй. Ешқандай медициналық көмек көрсетілмеген. Сотталғандардың ішінде бір дәрігер әйел болған. Сол: балаларды әкеліп, маған қарауға қойды. Ісініп, кеуіп кеткен беттері. Аштық кезде балалардың беттері аштан домалақ болып ісіп кетеді екен" деген еді". Тарихшы Мұрат Төлебаев


"Аталарымыз келіп, құрт лақтырған. Күзетшілер "сендерді қарапайым халық та жек көреді, тас атып жатыр" деген. Ал ол құрт болған. Сол құрт арқылы осында отырған әйел адамдардың өмірін аштықтан аман алып қалған. Өмірлерін ұзартқан.  Бұл Кеңес заманында дүниеге келген ұрпақтың бастан кешкені.  Олардың әр естелігі – тарих. Әр сөзі құжатқа бергісіз мәліметке толы. Кейбір ғалымның айтуынша, қуғын сүргіннің көп шындығы әлі де ашылмай жатыр". "Алжир" мемориалды-мұражай кешенінің қызметкері Қуат Дүйсекеев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: