Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жаңа университет ашылады

Қазақ-француз университеті, Франция президенті, Франция президентінің Қазақстанға ресми сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2023 14:53 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
2024 жылы Қазақстанда қазақ-француз университеті ашылады. Бұл жөнінде Франция президенті Эммануэль Макрон Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізгеннен кейін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Макрон Франция Қазақстанмен мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге ниетті екенін жеткізді.
"Біз үшін қазақ мектептеріне француз тілінің қайта үйретіле бастағаны өте маңызды. Біз бұл үшін бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз. Екі елдің білім беру ұйымдары арасында қол қойылған үкіметаралық келісімге үлкен үміт артып отырмын. Мысалы, мен серіктестігіміздің жаңарғанына өте қуаныштымын және 2024 жылдың қыркүйегінен бастап француз-қазақ университеті  жұмыс істей бастайды". Эммануэль Макрон

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, университет Қазақстан-Германия университетіне ұқсас құрылады.

"Біз бұл мәселені зерттеу үшін жеке жұмыс тобын құрамыз, сонымен қатар Францияның мықты университеттерін тарта отырып, өңірлік университеттерде ғылыми-зерттеу бөлімшелерін ашу мүмкіндігін талқылаймыз". Саясат Нұрбек

Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстанда француз мәдениеті мен француз тілін ілгерілетудің маңызын атап өтті.

"Біз өз тарапымыздан осы маңызды салада бірлесіп жұмыс істеуге бар күш-жігерімізді саламыз. Менің ойымша, қазақстандықтар үшін Франция халқы туралы, бай мәдениетіңіз туралы көбірек білу, француз тілін үйрену, әрине, маңызды. " Қасым-Жомарт Тоқаев

2023 жылғы 1 қараша күні Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: