Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев табиғат апатымен күресіп жүрген барлық азаматқа алғысын білдірді

Тоқаев табиғат апатымен күресіп жүрген барлық азаматқа алғысын білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2024 15:32 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы 16 сәуірдегі Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесіп жатқан құтқарушылармен, еріктілермен және кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде өңір тұрғындарының жоғары деңгейде ұйымшылдық танытқанын атап өтіп, табиғат апатымен күресіп жүрген барлық азаматқа алғыс айтты.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары Елена Семидоцких Президентке облыстағы әр ауданда гуманитарлық көмек қабылдайтын пункттер ашылғаны жөнінде мәлімет берді.

Тоқаев табиғат апатымен күресіп жүрген барлық азаматқа алғысын білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2024 15:32

Сурет: akorda.kz

"Birgemiz" волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Анастасия Волкова еріктілердің жедел әрекет ету штабы құрылғаны туралы айтты. Штаб 2500-ден астам волонтерді үйретеді және олардың жұмысын үйлестіреді.

Тоқаев табиғат апатымен күресіп жүрген барлық азаматқа алғысын білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2024 15:32

Сурет: akorda.kz

"Севказэнерго" акционерлік қоғамының бас директоры Анатолий Казановский аталған кәсіпорынның акционерлері 100 миллион теңге бөлгенін, трансформаторлар орнату және электр желілерін тарту жұмыстарын жүргізгенін айтты.

"Қызылжар жолдары" ЖШС директоры Асхат Жолдаспаев компанияның су тасқынына қарсы шараларға белсенді атсалысып жатқанын жеткізді. Осы ретте аталған мекеме бөгеттер салу және нығайту үшін арнаулы техникалар мен қажетті құрал-жабдықтар бөліп отыр.

Тоқаев табиғат апатымен күресіп жүрген барлық азаматқа алғысын білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2024 15:32

Сурет: akorda.kz

Айта кетейік, мемлекет басшысы іссапар барысында бұған дейін Петропавл су қоймасы жұмысымен танысып қайтты. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: