Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты 24 жол учаскесі жабылды

Жол жабылды, 24 жол учаскесі, көктайғақ, боран, қалың қар, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2023 18:37 Сурет: gov.kz
Температураның төмендеуіне, көктайғақ пен боранға байланысты бес өңірде республикалық маңызы бар тас жолдардың 9 учаскесінде және облыстық маңызы бар тас жолдардың 15 учаскесінде көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Cондай-ақ 5 өңірде дизель отынымен жүретін жүк және жолаушылар көліктері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

"Құтқару жұмыстары қатты желмен, нөлдік көрінумен және қардың биіктігі 1 метрге дейін қиындайды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл облысында "Алматы-Ташкент-Термез" республикалық маңызы бар автожол учаскесінде жол қызметтері жолды қалың қардан тазарту жұмыстарын жүргізуде.

Тараз қаласынан Шымкентке қарай бет алған 570 автокөлік, Қордай асуында 50 бірлік, Благовещенкада 200 көлік жол бойында қалып кеткен.  392 адам, оның ішінде 12 бала құтқарылды. Қар құрсауында қалып кеткен 50-ге жуық автокөлік шығарылды.

Қордай ауданында Қайнар және Кенен ауылдарының жылыту пункттеріне жеткізілген 165 адам құтқарылды.

Құтқару жұмыстары жалғасуда.

ТЖМ дауылды ескерту кезеңінде алыс сапарларға шықпауға, алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуға кеңес береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: