Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық екі жас теннисші үздік шетелдік ойыншы атанды

теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2023 18:56 Сурет: ktf.kz
Қазақстандықтар Ева Корышева мен Даниэль Тазабеков Tennis Europe сериясы бойынша 2023 жылдың үздік шетелдік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

14 жасар Ева мен 16 жасар Даниэль Еуропа теннис қауымдастығынан (Tennis Europe Tour) "Жылдың үздік ойыншысы" (Еуропалық одақ елдерінен емес) сыйлығына ие болды.

Е.Корышева жылды Ыстанбұл турниріндегі жеңіспен бастады. Содан кейін Бельгияда бірінші санаттағы жарыста үздік шықты. Ева Tennis Europe рейтингінде жекелей сында жылды 18-орынмен қорытындылады. Ол 24 ұтыс, 5 жеңіліспен (83 пайыз) рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Сондай-ақ жұптық сында екі мәрте чемпион атанды.

Тазабеков Tennis Europe аясында өткен жеті додада бақ сынап, тұрақты жоғары нәтижелерге ие болды. Соның нәтижесінде жыл соңында 20-орынға көтерілді. Оның рекордтық көрсеткіші –15 жеңіс, 7 ұтылыс (68 пайыз). Биыл ол жұптық сында екі рет Испанияда Авилесте Apple Bowl және Италияда Толентино турнирінде (екеуі де бірінші санат) озық шықты.

Өткен жылы осындай атаққа Заңғар Нұрланұлы, ал 2021 жылы Зара Дәркен ие болған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: