«Қазақстан» ОЭК» дизель отынын жоғары бағамен сатқаны үшін 1,6 миллиард теңге айыппұл салынды

Астана. 25 мамыр. ҚазТАГ – «Қазақстан» отын-энергетикалық кешені» сауда үйі» жшс монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 1,6 миллиард теңге айыппұл салынды, деп хабарлады бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінен.
«2023 жылғы 20 сәуірде Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі соты Серіктестікке қатысты 1,6 млрд. теңге әкімшілік жаза қолданды. 2023 жылғы 24 мамырда Астана қаласының соты бірінші сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз қалдырды. Демек, сот шешімі заңды күшіне енді», – делінген хабарда.
Қызметтер кешеніне (дизель отынын қабылдау, сақтау және босату) монополиялық жоғары бағаларды белгілеу арқылы үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталды.

adimage