Қазақстанның басым аймағында алдағы үш тәулікте қар жауады деп күтілуде

   Астана. 2 желтоқсан.ҚазТАГ- Қазақстанның басым аймағында алдағы үш тәулікте қар жауады деп күтілуде, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.
   «Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, қар күтіледі. Тек елдің батысында ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасынмен жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік – шығысында тұман болады»,- делінген жұма күні таратылған 3-5-ші желтоқсанға арналған ауа райы болжамында.
   Түнде батыста ауа температурасы 10-22 аяз, оңтүстік-батыста 3-15 аяз, солтүстік-батыс және солтүстікте 20-30 аяз, орталықта 13-22-ден 20-30 аязға дейін төмендейді, еліміздің шығысында 25-34 аяз, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 5-15, таулы аудандарда 15-20 аяз күтіледі.

adimage