Қазақстанның басым бөлігінде сәрсенбі күні жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 7 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанның басым бөлігінде сәрсенбі күні жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың басым бөлігіне көлемді антициклон ықпал етеді, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалымен қар жауады, көктайғақ, оңтүстігінде жел тұрады, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі», - делінген хабарда
Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -28-30, күндіз -18-20.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, кейде қар жауады. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -7-9, күндіз -3-5 шамасында.
Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, күндіз қар жауады. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -10-12, күндіз -1-3.
Ақмола облысында түнде оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз -16-21, түнде -25-30.
Алматы облысында күндіз тауларда қар жауады. Күндіз -2-7, түнде -7-12.
Жетісу облысында шығысында тауларында аздаған қар жауады. Күндіз -3-8, түнде -11-16.
Түркістан облысында солтүстігінде қар жауады. Күндіз 0-5 (солтүстігінде -9), түнде -10-15 (солтүстігінде -18, оңтүстігінде -7).
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -5-10, түнде -15-20.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -5-10, түнде -15-20.
Маңғыстау облысында түнде орталығында тұман түседі. Күндіз 0-5 (солтүстік-шығысында -8), түнде -6-11 (солтүстік-шығысында -14-19) .
Ақтөбе облысында түнде оңтүстігі мен шығысында аздаған қар жауады. Күндіз -15-20 (батысы мен оңтүстігінде -10), түнде -19-24 (оңтүстігінде -14).
Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі. Күндіз -17-22 (оңтүстігінде -13), түнде -23-28 (солтүстігінде -31, оңтүстігінде -19).
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз -16-21, түнде -21-26 (оңтүстік-батысында -30).
Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -21-26 (солтүстігі мен батысында -18), түнде -27-32 (солтүстігінде -23).
Қарағанды облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз -14-19 (солтүстігінде-22, оңтүстігінде -11), түнде -25-30 (шығысында -33, оңтүстігінде -22).
Ұлытау облысында оңтүстігіде, солтүстігі мен орталығында аздаған қар жауады. Күндіз -8-13 (солтүстігінде -18), түнде -18-23 (солтүстігінде -28).
Шығыс Қазақстан облысында солтүстігі мен шығысында қар жауады. Күндіз -18-23 (оңтүстігінде -10-15), түнде -25-30 (шығысында -33, оңтүстігінде -22).
Абай облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -18-23 (солтүстік-шығысында -26, оңтүстігінде -13), түнде -25-30 (солтүстігінде -33, оңтүстігінде -20).
Қызылорда облысында түнде солтүстігінде аздаған қар жауады. Күндіз -6-11 (солтүстігінде -16), түнде -13-18 (батысында -22).
Жамбыл облысында тауларында қар жауады. Күндіз -2-7, түнде -10-15.
"Алдағы тәулікте еліміздің оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы және мұз қату байқалады", - деп ескертті синоптиктер.

adimage