Аға прокурор Қонаевта пара алып жатқан жерінен ұсталды

   Қонаев.22 ақпан.ҚазТАГ- Алматы облысы Балқаш ауданының аға прокуроры Қанат Сонабаев Қонаевта ұсталды, деп хзабарлайды агенттік тілшісі.
   "12 ақпанда Алматы облысы бойынша ҰҚК департаменттері мен Бас прокуратураның Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бірлескен іс-шаралары аясында Қ.Сонабаевтың Қонаевта ұсталу дерегін растаймыз. Ұсталған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 190-бабы 3-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, ", - деп растады ҰҚК баспасөз қызметі бейсенбі күні ҚазТАГ агенттігіне .

adimage