Ақмола полицейлері тас жолда атыс ашқан Астана тұрғынын қолға түсірді

   Көкшетау.21 қазан.ҚазТАГ- Ақмола полицейлері тас жолда атыс ашқан Астаналық азаматты қолға түсірді, деп ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсы хабарлайды.
   «Жүргізілген тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының, Аршалы АПБ Тергеу басқармасының және полиция бөлімінің қызметкерлері жоғарыда аталған қылмысты жасаған күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұған дейін ҚР ҚК 293-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған Астана қаласының 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Тінту іс-шаралары барысында күдіктіден заттай дәлелдер, атап айтқанда Наган тапаншасы және 57 оқ тәркіленді»,- делінген жұма күнгі хабарламада.
   «6 қыркүйекте Аршалы АПБ-не елорданың 19 жастағы тұрғынының Жібек Жолы кентінің маңында белгісіз тұлғалар оған тиесілі Toyota Land Cruiser-200 автокөлігіне зақым келтіргені туралы өтініші келіп түсті. Оқиға орнына дереу келген жедел-тергеу тобы Астана – Қарағанды тас жолында белгісіз адамдар арасында жанжал туындағанын анықтады. Куәгерлердің айтуынша, қаскөйлердің бірі мылтықты алып, оқиғаға қатысушыларға бірнеше рет оқ атқан. Оқиға орнынан полиция атылған гильзалар, газ баллонын тәркіледі. Сараптама тағайындалды»,-делінген хабарламада.
   ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
   «Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- деп қосты полицейлер.

adimage