Ақтөбе маңындағы Сазды су қоймасының жағдайына байланысты тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруде

Ақтөбе. 3 сәуір. ҚазТАГ – Ақтөбе маңындағы Сазды су қоймасының жағдайына байланысты тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруде, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ақтөбе облысындағы Сазды су қоймасына су көп келуіне байланысты су ағынын ұлғайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде Сазды және Жіңішке өзендеріндегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. ТЖД құтқарушылары жақын маңдағы ауыл тұрғындарын алдын-ала қауіпсіз жерге көшіруде. Қазіргі уақытта 25 адам эвакуацияланды, оның ішінде тоғызы бала», - деп хабарлады сәрсенбі күні төтенше жағдайлар министрлігінен.
Сазды су қоймасы Ақтөбеден 8 шақырым жерде орналасқан.

adimage