Ақтөбе. 26 қаңтар. ҚазТАГ – Ақтөбе облысында екі ауыл тұрғынынан киік мүйіздері тәркіленді, деп хабарлады Қазақстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен. «24 қаңтарда Ырғыз аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне Ақши ауылының тұрғындары киік мүйіздерін заңсыз сақтайтыны туралы ақпарат келіп түсті. Осы ақпаратты тексеру кезінде 46 жастағы жергілікті тұрғынның тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді», – делінген хабарда.
Тінту барысында полицейлер сарай ішінен төрт киік мүйізін, ет пен екі киіктің басын, сондай-ақ балта, ас үй пышағын тауып, заттай айғақ ретінде тәркіледі. Сол күні тінту жүргізу кезінде Ақши ауылының 62 жастағы тұрғынының үйінің ауласынан алты киік мүйізі табылып, заттай айғақ ретінде тәркіленді.
Екі факті бойынша да ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-1-бабы (Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстан-Мажарстан саяси консультацияларының кезекті раунды өтеді6 Мамыр 2024, 17:10
-
Жаслан Мәдиев Қазақстанның цифрлық даму министрі болып тағайындалды6 Мамыр 2024, 16:42
-
Михаил Ломтадзе әлемдік деңгейдегі балалар футбол академиясын құрады6 Мамыр 2024, 16:25
-
Әзірбайжан мен Армения арасындағы келіссөз 10 мамырда Алматыда өтеді6 Мамыр 2024, 16:12