Ақтөбеде 1,4 млрд теңге салық төлемдерінен жалтарған Қытай азаматы төрт жылға сотталды

Ақтөбе. 21 ақпан. ҚазТАГ – Ақтөбеде 1,4 млрд теңге салық және бюджет төлемдерінен жалтарған Қытай азаматы төрт жылға сотталды, деп хабарлады қаржылай мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметінен.
«Ақтөбеде сот «Азия Бақанас» ЖШС басшысы Ақыш М.-ға және Қытай Халық Республикасының азаматы CHEN GUOQING (Чэнь Гоцын) қатысты жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге жуық аса ірі мөлшерде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару бойынша қылмыстық істі қарады. (…)Сот үкіміне сәйкес Чен Гоцын 3 жылға, Ақыш Мұрат 4 жылға бас бостандығынан айырылып, алынбаған салық сомасын бірлесе өтейтін болады», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
ҚМА нақтылағандай, ұйымдастырушы Чен Гоцин алдын ала келісе отырып, «Азия Бақанас» ЖШС-ін 2014-2020 жылдар аралығында Ақыш Мұратқа қайта тіркеп, сенімсіз жеткізушілермен жалған мәмілелер жасау арқылы салық төлеуден жалтарған.

adimage