Ақтөбеде мектептің бас бухгалтері ашық сот процесінде жеті жылға сотталды

Ақтөбе. 23 ақпан. ҚазТАГ – Ақтөбе қалалық мектебінің бас бухгалтері аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен.
«Ақтөбе қаласының № 2 соты Ақтөбе қаласының №55 мектеп-гимназиясының бас бухгалтеріне қатысты үкім шығарды. (…)Сот үкімімен оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ 10 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Алдын алу шаралары шеңберінде сот процесі ашық режимде жүргізілді. Сот процесіне онлайн режимде білім басқармасы мен бөлімдерінің қызметкерлері, оның ішінде Ақтөбе облысының 403 қалалық және аудандық мектептің директорлары, бухгалтерлері, педагогикалық құрамы қосылды», - делінген жұмадағы хабарда.
Ақтөбе қалалық мектебінің бас бухгалтері аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды.
«Ол 8 жыл бойы өзінің банктік шотына жалақы ретінде заңсыз аударымдар жасаған, нәтижесінде мемлекетке 413,8 млн теңге сомасында залал келтірілді.Тек бір жылдың ішінде ол өзіне 200 млн теңгеден астам қаражат аударған, бұл бүкіл мектептің жылдық еңбекақы қорының 30% -ын құрайды», - деп нақтылады «антикорда».

adimage