Ақтөбедегі жер үйде газ жарылып, 2 адам зардап шекті

   Ақтөбе.7 желтоқсан.ҚазТАГ- Ақтөбедегі жер үйде газ жарылып, 2 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазТАГ.
   «7 желтоқсан күні түнде сағат 2:37-де Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шұбарши ауылындағы 8-наурыз көшесінде оқыс оқиға болған. Оқиға орнына жеткен кезде газ қазандығы жарылғаны белгілі болды. Бірақ өрт шықпаған. Жылыту қазандығы істен шыққан болуы мүмкін. Содан газ жиналып, әп сәтте жарылып, 84 шаршы метр болатын қабырға мен шатыры құлады»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
   Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы қалыпты.

adimage