Ақтау тұрғындары су мен жылудың жоқтығына шағымданды

  Астана.5 желтоқсан.ҚазТАГ- Ақтау тұрғындары су мен жылудың жоқтығына шағымданды, деп хабарлайды «Лада».
  «Ақтаудың бірқатар шағын аудандарының тұрғындары ауыз су мен ыстық судың, сондай-ақ жылытудың жоқтығына шағымданып жатыр. 12 шағын аудандағы 25 үй, 4 шағын аудандағы 67 үй, 7 шағын аудандағы 9 үй, 17 шағын аудандағы 102 үй, 13 шағын аудандағы 42Б үйі және басқа да үйлердің тұрғындары бүгін ауыз сусыз қалған»,- делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.
  Сонымен қатар, тұрғындар шенеуніктерге ҚР Су кодексінің бар екенін еске салып, ондағы 92-5-бабына сәйкес халықты ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сумен қамтамасыз ету кепілдіктері көрсетілгенін айтты.
  « 1. Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғалар сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың қосылған желілері болған кезде су тұтынудың және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды бұрудың белгіленген нормаларына сәйкес ауызсумен қамтамасыз етіледі.
   2. Елдімекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің меншік иесі халықты ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды бұруды қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.
92-10-бапқа сәйкес сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның құқықтары мен міндеттері:
   2) елдімекендерде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін үздіксіз ұсынуды қамтамасыз етуге;
   5) елдімекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін тиісінше пайдалануды қамтамасыз етуге негізделген;
- Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады», - делінген Кодексте.
   Еске сала кетейік, бұған дейін «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» Ақтауға ыстық су беруді тоқтатты, сондай-ақ, ауыз судың қысымын төмендетті. Облыс әкімдігі күннің екінші жартысында ыстық су беру қайта басталатынын хабарлады.

adimage