Ақтауда хакерді үш жылға бас бостандығынан айырды

Ақтау. 21 ақпан. ҚазТАГ – Ақтауда хакерді үш жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметінен.
«Қылмыстық кодекстің 147-бабы 3, 4-бөліктері, 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасауда кінәлі деп танылған Қазақстан азаматына қатысты Ақтау қаласы сотының үкімі заңды күшіне енді. Ол 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Ведомствода нақтылағандай, сотталушы елдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандары болып табылатын мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізуді жүзеге асырғаны тергеумен анықталды.
«Фигуранттың ақшалай сыйақыға одан әрі үшінші адамдарға беру үшін ҚР азаматтарының жеке деректерін заңсыз алу фактісі толық дәлелденді», - деді ҰҚК.

adimage