Алдағы үш тәулікте Қазақстанда қатты жаңбыр және айтарлықтай суық болады деп күтілуде

   Астана.10 мамыр.ҚазТАГ- Алдағы үш тәулікте Қазақстанда қатты жаңбыр және айтарлықтай суық болады деп күтілуде, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК.
   «Қазақстанның басым бөлігінің ауа-райын Оңтүстік циклон айқындайтын болады, онымен жаңбыр жауады, найзағай және бұршақ күтіледі»,- делінген хабарламада.
   11-12 мамырда батыста, 12-13 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте, 13 мамырда еліміздің орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, оңтүстік өңірлерде - шаңды дауылдар.
   Республика бойынша температуралық фонның төмендеуі күтілуде. Солтүстік және шығыс аймақтарда түнгі уақытта 2 градусқа дейін үсіл күтіледі. Күндізгі уақытта еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы 5-15 жылыға дейін төмендеуі болжанады.

adimage