Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде күн салқындайды деп күтіледі

Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ – Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде күн салқындайды деп күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Демалыс және мереке күндері, қазақстандықтарды көктемгі ауа райы қуантпайтын болады. 1 мамырда ел аумағына тағы бір суық антициклон басып кіріп, жылы ауа массаларын елден тыс жерлерге ығыстыра бастайды», - делінген 30 сәуірден 2 мамыр аралығына арналған жұма күні таратылған ауа райы болжамында.
Хабарда атап өтілгендей, суықтың көп бөлігі солтүстік аймақтарға кетеді: түнде термометр бағандары 0-5 жылуды көрсетеді.
«Ал, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтар тауларды суықтан қорғайды, солайша жылы, бірақ жаңбырлы ауа райын кешіктіретін болады», - деп атап өтті синоптиктер.

adimage