Алматыда 13.00-де тіркелген жер дүмпулері Қытайдағы жер сілкінісінің афтершокы болып шықты

Алматы. 4 ақпан. ҚазТАГ – Алматыда 13.00-де тіркелген жер дүмпулері Қытайдағы жер сілкінісінің афтершокы болып шықты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«ҚР ТЖМ «ҰСБмЗҒО» ЖШС сейсмикалық станция желісі 4 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 12.54-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматының оңтүстік-шығысында 255 шақырым жерде Қытай шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,9. Магнитудасы – MPV 5,3. Жер сілкінісі ошағының координаттары 41.22° с.е. 78.47° ш.б. Тереңдігі 10 км. Сезілуі туралы мәліметер (МSК-64 шкаласы бойынша): Алматыда 2 балл»,- деп мәлімдеді дүйсенбі күні қазақстандық сейсмологтар.
Бұған дейін хабарлағандай, Алматыдан 35 шақырым жерде күші 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелді. Алматы тұрғындары 5 балдық жер сілкінісін сезіндюі. Қайталану қаупі сақталуда.

adimage