Алматыда Алма-Арасан шатқалына баратын жол 2023 жылы жөнделеді

Алматы. 4 тамыз. ҚазТАГ – Алматыда Алма-Арасан шатқалына баратын жол 2023 жылы жөнделеді, деп мәлім етті қала әкімі Ерболат Досаев.
«Өкінішке орай, бұл қала жолы емес. Бұл жол «Қазавтожол» балансында. Биыл олар жобаны дайындап жатыр, құрылысты қаржыландыруға келесі жылы өтінім енгізетін болады. Бұл жолмен мен өзім жақында ғана жүріп, жолдың сапасын көрдім. Биыл оларға қолдау көрсетіледі деп үміттенемін», - деді Досаев бейсенбі күні Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде.
Ол «мұның туризмді дамытуға және адамдардың демалысы үшін маңызды екенін» атап өтті.
«Мен бұл мәселенің шешілуіне және олардың қолдау табуына ықпал ететін боламын», - деді Досаев.

adimage