Алматыда мердігердің жұмыс көлемі Т900 млн көбейтілді

Алматы. 17 сәуір. ҚазТАГ — Құрылыс жұмыстарының құнын көтермелеген мердігер өз есебінен 900 млн теңгеге қосымша жұмыстарды орындайтын болды, деп хабарлады қаржылай мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметінен.
«Алматы қаласында сорғы станциясы бар су құбыры мен кәріз тарату желілерін салу бойынша жұмыстардың құнын көтермелеген мердігер өз есебінен 900 млн теңгеге қосымша жұмыстарды орындайтын болады. Еске сала кетейік, оңтүстік мегаполистің Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы құны 9,1 млрд теңге болатын жобаны іске асыруда. (…)ҚМА бастамасы бойынша Алматы қаласының әкімдігі «Сапа Құрылыс 2007» ЖШС бас мердігеріне жобада көзделмеген жұмыстардың көлемін 900 млн теңгеге ұлғайтты (қосымша 500 абонент қосу, құдықтар орнату және т.б.)», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, бұл қаражатты жобалаушы «Қазақ Сантехпроект» ЖШС жобалық-сметалық құжаттаманы жасау кезінде құрылыс материалдарын тасымалдау және сатып алу шығындарының құнын арттыру жолымен ұрлау үшін алғышарттар жасаған.
«Мониторинг нәтижесінде топырақты тасымалдау арақашықтығы жобада көзделгеннен 30 км жақын екендігі анықталды. Бұдан басқа, қолданылатын құрылыс материалының көлемі 1,5 мың тоннаға артық жобаланған. Бағаны асыра көрсету фактісі анықталған кезде объектінің дайындығы 93% құрады, яғни 9,1 млрд теңгенің 8,4 млрд теңгесі игерілген», - делінген хабарда.

Фото көзі: pixabay


adimage