Алматыдағы Жұбанов көшесі қала шекарасына дейін ұзартылады- Досаев

    Алматы.13 сәуір.ҚазТАГ- Валентина Владимирская. Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзартады, деп хабарлады қала әкімі Ерболат Досаев.
    "Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзартуға жобалау-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы алынды. Сатып алынуға тиіс 307 учаске анықталды. Оның 50-і биыл сатып алынады. Бүгінгі таңда мердігерлік ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр», - деді Ерболат Досаев.
   Қала басшысының пікірінше, бұл Әуезов ауданының дамуына, көлік жүктемесін айтарлықтай азайтуға және қоғамдық көлікпен қызмет көрсету сапасын жақсартуға ықпал етеді. Сондай-ақ Әуезов ауданында жалпы ұзындығы 12,8 км болатын 14 көше мен өтпе жолдар жөнделеді. Жұмыс мамырда басталып, қараша айында аяқталады. Орталықсыздандыру аясында биылдан бастап жолдарды ағымдағы жөндеуді аудан әкімдіктері жүргізеді.

adimage