Алматыда жүргізушілерге автобус жолағымен жүруге рұқсат етілді

   Алматы.18 сәуір.ҚазТАГ- Алматыда жүргізушілерге автобус жолағымен жүруге рұқсат етілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
   «19 сәуірден бастап жүргізушілерге Райымбек даңғылы бойынша Саин көшесінен Ясауи көшесіне дейін жұмыс күндері сағат 20:00-ден 06:30-ға дейін жол учаскесінде қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтар бойынша жүруге рұқсат етіледі»,- деп хабарлады Алматы қалалық мобилділік басқармасының баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, демалыс және мереке күндері осы учаскеде барлық көлік уақыт шектеуінсіз жүре алады.
   "Көлік қозғалысына осы жаңалықтың енгізілуі қала ішіндегі көлік легін тиімді құру үшін, сондай-ақ, қарбалас шақта және демалыс күндері арнайы бөлінген автобус жолақтарын пайдалану мәселесін шешу үшін тесті режимінде енгізіледі. Содан соң салыстырмалы деректер негізінде көлік легін ұйымдастыру туралы шешім қабылданады»,- делінген хабарламада.
   Сонымен қатар, жүргізушілер белгіленген жол белгілерін басшылыққа алып, ҚР Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауға тиіс.

adimage