Алматының Бостандық ауданында екі жаңа аурухана салынады

Алматы. 4 тамыз. ҚазТАГ - Алматының Бостандық ауданында екі жаңа емхана салынады, деп мәлім етті қала әкімі Ерболат Досаев.
«Халықты сапалы медициналық қызметпен қамту үшін әрқайсысы 500 науқас қабылдай алатын екі емхана құрылысы жоспарлануда. Бірінші емхана Әл-Фараби даңғылы мен Сырғабеков көшесінің қиылысында орналасады. Мемқордан 1,3 га алаң бөлінді. ЖСҚ әзірлеуді 2022 жылдың желтоқсанында бастауды жоспарлап отырмыз, СМР- келесі жылдың 4 тоқсанында. Екіншісі – Гагарин даңғылы мен Левитан көшесінің қиысылысында Мега ауданында», - деді Досаев Алматының Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде.
Бұл ретте ол атап өткендей, екі емхананы пайдалануға беру қазіргі үш емхананың жүктемесін 30 мың адамға дейін төмендетеді.

adimage