«Аmanat» партиясы Тоқаевқа Смайыловты премьер-министр қызметіне қайта тағайындауды ұсынды

   Астана.30 наурыз.ҚазТАГ- «Аmanat» партиясы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Смайыловты премьер-министр қызметіне қайта тағайындауды ұсынды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
   «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің және "AMANAT" партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Мемлекет басшысына "AMANAT" партиясының атынан премьер-министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды”, – делінген бейсенбі күнгі ақпаратта.
   Смайылов алғаш рет үкіметті, алдымен уақытша қызметін атқару мәртебесінде басқарды, содан кейін 2022 жылдың қаңтарында премьер-министр болды. Ал бұған дейін 2021 жылдың қаңтарынан бастап премьер-министрдің бірінші орынбасары, 2018 жылдың қыркүйегінен бастап Қаржы министрі (кейін бір мезгілде премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған).

adimage