Қарағанды облысындағы бірнеше ауылға қазақша атау берілмек

   Қарағанда.13 сәуір.ҚазТАГ- Қарағанды облысындағы бірнеше ауылға қазақша атау берілмек, деп хабарлайды ҚазТАГ.
«Қарағанды облысына қарасты бірқатар ауылдық округ пен елді мекенге қазақша атау берілмек. Шешім жобасы 27 сәуірге дейін «Ашық» НҚА порталында жарияланған өңір әкімдігі мен маслихаттың бірлескен талқылауда болады»,- деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Осакаров ауданының келесі ауылдық округтері мен ауылдары:
• Звездный ауылдық округі – Жұлдыз ауылдық округіне;
• Тельман ауылдық округі – Нияз ауылдық округіне;
• Звездный ауылдық округіндегі Звездное ауылы – Жұлдыз ауылына;
• Николаевка ауылдық округіндегі Комсомольское ауылы – Қайыңды ауылына;
• Қаратомар ауылдық округіндегі Сенакосное ауылы – Қаратомар ауылына;
• Тельман ауылдық округіндегі Тельманское ауылы – Қаракөл ауылына;
• Садовый ауылдық округіндегі Чапаево ауылы – Жаңатоған ауылына
Бұқар Жырау ауданында:
• Новостройка ауылы- Атамекен атауын алмақ

adimage