Астанаға Литваның сырты істер министрі келді

Астана. 7 желтоқсан. ҚазТАГ – Астанаға Литваның сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергис келді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен сейсенбі күні.
«Қазақстанға ресми сапармен Литва Республикасының Сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергис келді. Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Литва ынтымақтастығын одан әрі кеңейту жөніндегі қадамдарды, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады», – делінген хабарда.
Литвалық министрінің бағдарламасы Мемлекет басшысымен кездесуді де қамтиды.
Қазақстан мен Литва арасындағы саяси диалогтың жоғары деңгейі сауда-экономикалық саладағы әлеуетті іске асыру үшін қолайлы жағдай қалыптастырғанын атап өтті. Осы саладағы ынтымақтастықты дамытудың маңызды тетігі – Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия, оның құрамында автомобиль көлігі және туризм жөніндегі жұмыс топтары өз қызметін атқаруда.
Ақпарға сәйкес, 2022 жылдың тоғыз айында екіжақты тауар айналымы 500,4 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 есе жоғары (242,4 млн АҚШ доллары). Қазақстанда 170-ке жуық литвалық компания бар.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан билігі Литва аумағына жүк көліктерді өткізу туралы келісімге келген болатын.

adimage