Астанада 1 миллион доллар мен 80 мың доза мефедрон зертханасы анықталды

    Астана.1 наурыз.ҚазТАГ- Астанада 1 миллион доллар мен 80 мың доза мефедрон зертханасы анықталды, деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
    «22 ақпанда ҰҚК Астана қаласы бойынша департаменті астаналық прокуратураның үйлестіруімен қаланың өнеркәсіп аймағында орналасқан синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхананы жойды. Тінту барысында шамамен 80 мың бір реттік дозаға тең 27 келіден астам «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ 1 тоннадан артық прекурсор алынды»,- делінген жұма күнгі хабарламада.
   Алынған есірткі құны қара нарықта 540 млн теңгеге бағаланады.
   «Бұдан бөлек Астана қаласының басқа аудандарында зертхана жабдығы бар 40 футтық екі контейнер табылды, тергеу нұсқасы бойынша, олар осыған ұқсас бірнеше өндірісті ұйымдастыруға арналған»,- деп қосты ҰҚҚ.

adimage