Астанада 100-ден астам офицер әскери оқуға жіберілді

Астана. 17 сәуір. ҚазТАГ — Астанада 100-ден астам офицер әскери оқуға жіберілді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Астанадағы әскери оқуға запастағы 100-ден астам офицер жіберілді. Әскери міндеттілер елорданың №99255 аумақтық қорғаныс бригадасының құрамына қабылданды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, әскери міндеттілердің білімі мен біліктілігін арттыру және жетілдіру мақсатында 15-24 сәуір аралығында жоспарлы түрде әскери дайындық жүргізіледі.
«Меншiк нысанына қарамастан елорданың ұйымдары, кәсiпорындары мен мекемелерiнiң басшылары оқуға шақырылған әскери қызметшiлердiң келуiн қамтамасыз еттi. Оқыту кезеңінде әскери міндеттілердің жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады. Әскери қызметке жауаптылар, әскери дайындық бағдарламасын сәтті аяқтағандарға кезекті әскери атақтар беріледі», - деді Астана қаласы Қорғаныс істері департаменті жұмылдыру басқармасының бастығы, полковник Айдын Сағынбеков.

Фото көзі: gov.kz


adimage