Астанада қазандықтан өрт шықты

Астана. 23 ақпан. ҚазТАГ – Астанада қазандықтан өрт шықты, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
«23 ақпанда сағат 3.22-де төрт қабатты үйге жапсарлас салынған қазандық, көмір сақтайтын және қойма орналасқан ғимараттың 25 ш.м. құрайтын төбе жабыны өртенген. Өртті сөндіруге елордалық өрт сөндірушілер тез арада кірісті. Өрт 3,53-те ауыздықталып, 4.23-те толық сөндірілді», - делінген жұмадағы хабарда.
Өртті сөндіруге Астана ТЖД жеке құрамдағы 15 адамы мен үш бірлік техника, сонымен қатар тұрғындарды жылытуға арналған екі бірлік техника жұмылдырылды.
«Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталуда», - делінген хабарда.

adimage