Атырауда 13 жасар қызды зорламақ болған ер адамды полиция ұстады

   Атырау.6 желтоқсан.ҚазТАГ- Атырауда 13 жасар қызды зорламақ болған ер адамды полиция ұстады, деп хабарлайды, «Мой город».
   «Ер адам алдымен Reno Duster көлігін ұрлап, кейін көпқабатты үйлердің ауласына жасырынған. Артынша 13 жасар жасөспірім қыз баланы зорламақ болған. Патрульдік полиция қызметкерлері оны қылмыс жасамақ болған кезде қолға түсірді», - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаменті.
   Оқиға бүгін, 6 желтоқсанда «Авангард» шағынауданында болған. Қазіргі кезде зорлау әрекетіне қатысты тергеу басталды. Полиция тергеу мүддесі үшін басқа ақпаратты жариялаған жоқ.

adimage