Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстаннан қант шығаруға тыйым салады

   Астана. 13 мамыр. ҚазТАГ-ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстан аумағынан қант шығаруға тыйым салу туралы бұйрыққа қол қойды.
  «1. Қазақстан Республикасының аумағынан ақ қантты (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 1701 99 100) және құрақ шикі қантын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 1701 13, 1701 14) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияға осы бұйрықтың 1 - тармағын іске асыру жөніндегі шаралардың қолданылғаны туралы хабарласын", - делінген 4 мамырда қол қойылған және бейсенбіде жарияланған бұйрық мәтінінде.
  Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

adimage