Қайрат Бижанов ҚМА төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ – Қайрат Бижанов Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Жақиянұлы Бижанов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Бижанов 2021 жылдың қазанынан бастап Астана бойынша экономикалық тергеу департаментін басқарған, 2019 жылдың маусымынан бастап Атырау облысы бойынша ЭТД басқарған, оның алдында :Жоғары соттың Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің меңгерушісі болған.

adimage