Қазақстанның басым өңірінде суықтың біртіндеп әлсіреуі байқалады

    Астана.1 наурыз.ҚазТАГ- Қазақстанның басым өңірінде суықтың біртіндеп әлсіреуі байқалады, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.
   «Қазақстанның басым бөлігінде теріс температуралық фон сақталғанына қарамастан, алдағы күндер көктемге тән шуақты болады деп күтілуде, тіпті елдің шығысында түнгі сағаттарда минус 36-дан минус 20 градусқа дейін суықтың біртіндеп әлсіреуі болжанады»,- делінген жұма күні таратылған хабарламада.
   Тек елдің солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарында, циклондардың әсерінен жауын-шашын, көктайғақ және желдің күшеюімен бұлтты ауа-райы басым болады деп күтілуде.

adimage