Қазақстан 35 елдің вакцинация құжатын мойындады

Астана. 5 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан коронавирусты инфекцияға қарсы 35 елдің вакцинация құжатын мойындады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Аргентина Республикасында, Белизде, Боливия мемлекетінде, Бразилия Федеративті Республикасында, Ұлыбританияда, Венгрияда, Грузияда, Индонезия республикасында, Иран Ислам республикасында, Иорданияда, Бельгия Корольдігінде, Испания Корольдігінде, Канадада, Қырғыз Республикасында, Мальдива республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова республикасында, Перу республикасында, Сан-Марино республикасында, Сербия республикасында, Тунис республикасында, Үндістан республикасында, Филиппин республикасында, ҚХР Гонконг арнайы әкімшілік ауданында, Таиландта, Түрік республикасында, Өзбекстан республикасында, Черногория республикасында, Чех республикасында; Шри-Ланка демократиялық социалистік республикасында, Эквадор республикасында, Эстония республикасында және Жапонияда берілген азаматтардың КВИ-ге қарсы вакцина алғаны туралы құжаты/анықтамасы/сертификаты жарамды деп танылсын», - делінген Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың сәрсенбідегі қаулысында.
Құжат күшіне енді.

adimage