Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша маусымда тәулігіне 1,7 млн барр шамасында мұнай өндіруге міндеттелді

Астана. 6 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан мұнайды экспорттаушы-елдер ұйымы (ОПЕК) мен ұйымға кірмейтін елдер (ОПЕК+) арасындағы келісім бойынша маусымда тәулігіне 1,7 млн барр. шамасында мұнай өндіруге міндеттелді, деп хабарлады энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2022 жылғы маусымдағы міндеттемелер тәулігіне 1,655 млн. баррельді құрайды. Асыра орындалған көлемдерді өтеу кезеңі 2022 жылғы маусымның соңы болып қалады», - делінген наурыз айында келісім тараптарының міндеттемелерді орындауы талқыланған ОПЕК+ келісіміне мүше-елдердің министрлер отырысының қорытындысы бойынша бейсенбіде таратылған хабарда.
Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика министрі Болат Ақшолақов қатысты, деп хабарлады ҚР ЭМ баспасөз қызметінен.
«Отырыс қорытындысы бойынша шектеулерді толық алып тастағанға дейін ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін ай сайын тәулігіне 432 мың баррельге арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды», - делінген хабарда.

adimage