Қазақстанда алдағы үш тәулікте аяз сақталады

Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда алдағы үш тәулікте аяз сақталады, деп хабаралды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Ақпан айының аяқталуына аз күндер қалсада елімізде аяздың беті қайтар емес», - делінген сәрсенбі күні таратылған 22-24 ақпанға арналған ауа райы болжамында.
Хабарда атап өтілгендей, суық солтүстік ағындары бар ауқымды антициклон еліміздің басым бөлігінде аязды, желсіз ауа-райын сақтап тұрады.
«Тек оңтүстік, орталық және шығыс аймақтарға оңтүстік циклоны әсер етіп, жауын-шашынның жаңбыр, қар түрінде түсуіне, жел мен бұрқасынның күшеюіне ықпал етеді. Дегенмен, циклон оңтүстіктен болса да, біздің аймаққа айтарлықтай жылу әкелмейді», - деп нақтылады синоптиктер.

adimage