Қазақстанда коммуналдық тарифтер қымбаттады- ҰЭМ

    Астана.21 ақпан.ҚазТАГ- Алена Субботина. Қазақстанда коммуналдық тарифтер орташа есеппен 20-25 пайызға қымбаттады, деді Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов.
   «Орташа есеппен 20-25 пайызға қымбаттады. Кейбір өңірлерде тариф жоғары, кейбірінде төмен өсім болды. Елімізде тарифтер өсе береді. Алайда қандай қарқынмен өсететін айта алмаймын", - деді Жақсылықов бейсенбі күні.
   Министрдің айтуынша, Қазақстанда коммуналдық салаға тиісті деңгейде қаржы бөлінбеген. Егер біз апат болмасын десек, инфрақұрылымды жаңартып, инвестиция тарту керек.
   «Оған инвестиция құюдың 2 көзі бар. Біріншісі тариф пен тұтынушылар. Екіншісі, бюджет, салық төлеушілердің қаржысы, яғни сіз бен біз. Егер біз сумен жабдықтау, жылыту, энергетика жүйесі дұрыс жұмыс істесін десек, бізге оған қаржы құю керек»,- деді Жақсылықов.
   Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар коммуналды төлем бағасы өскеніне наразы болғанын хабарлаған едік.

adimage