Астана. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Заңды тұлғаларға берілетін несие үш ай қатарынан азайып келеді, деп хабарлайды Ұлттық банк.
«Қазақстанда заңды тұлғаларға берілген несие көлемі үш ай қатарынан азайып келеді, маусым-тамыз айларында олар 1,8%-ға, яғни 7,94 трлн теңгеге дейін қысқарды. Жыл басынан бері халыққа берілетін несие үздіксіз өсуде. 2022 жылдың маусым-тамыз айларында олар 6,5%-ға өсіп, 12,7 трлн теңгені құрады», - делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Құжатқа сәйкес, банктердің экономикаға берген несиелері тұтастай алғанда 1,7%-ға өсіп, 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 20,7 трлн теңгеге жетті.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда жасанды интеллект және инновациялық даму комитеті құрылды4 Мамыр 2024, 13:58
-
2024 жылы агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру Т1,2 трлн құрайды - Бектенов4 Мамыр 2024, 13:44
-
Солтүстік Қазақстанда бұлт сервисінің қызметтеріне Т1,4 млрд жұмсамақ4 Мамыр 2024, 11:18