Қазақстанда әскердегі өлімнің 20%-ы суицидтен

    Астана.18 сәуір.ҚазТАГ- Алена Субботина. Қазақстанда әскердегі өлімнің 20%-ы суицидтен, деп хабарлады әділет подполковнигі Мақсат Қазиев.
   "Атап айтқанда 2020 жылдан бастап 270 әскери қызметкер қайтыс болған. Жылдарға бөлсек, 2020 жылы 78, 2021 жылы 96, 2022 жылы 85, 2023 жылы 13 әскери қызметкер қайтыс болды. Қаза болу себептерінің ішінде ең көбі - ауырып қайтыс болу, яғни бұл 36%-ына тең. 24%-ы жол-көлік оқиғаларымен байланысты, 20%-ы суицидтен",- деді Қазиев сейсенбі күні.
   Ресми мәліметтерге сай құқықтық статистика комитетінің ақпаратынша, 2018-2022 жылдары елде 17 631 суицид және 21 332 қол жұмсауға оқталу жағдайлары тіркелген. Яғни 10 000 азаматқа 9 суицид және 11 өз-өзіне қол жұмсауға оқталу келеді
   «Оның ішінде 86 суицид және 20 өзіне қол жұмсау әрекеттері әскерде болған. Бұл дегеніміз 10 мың әскериге 6 суицид және 1 оған оқталу. Демек өзіне қол жұмсау көбіне әскерде болды деген ақпарат ресми деректермен дәлелденбейді",- деп мәлімдейді ҚР Бас әскери прокуратурасы.

adimage