Қазақстанда су тасқыны басталғалы бері 108 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Астана. 15 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда су тасқыны басталғалы бері 108 мыңнан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
«Азаматтық қорғаныс қызметі 108 200 адамды құтқарды, оның 38 706-сы бала. Үйлеріне 11 950 адам оралды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Уақытша орналастыру пункттерінде 7444 адам бар, оның ішінде бала - 3111.
«9,4 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 2,2 млн. қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді», - деп хабарлады ТЖМ.
«Жедел желі» телефонына, ведомство ақпарынша, 1714 қоңырау келіп түскен, 126 рет шұғыл психологиялық көмек көрсетілген.

Фото көзі: ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен


adimage