Қазақстандағы инфляцияның монетарлық сипаты бар- Тоқаев

   Астана.19сәуір.ҚазТАГ- Қазақстандағы инфляцияның монетарлық сипаты бар.
   «Қазақстандағы инфляцияның монетарлық сипаты да бар екенін ерекше атап өткім келеді»,- деді сәрсенбі күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде.
Сондықтан Ұлттық банк инфляция мәселелерін шешуге толық қатысуы керек.
   «Инфляцияны бақылау міндеті Ұлттық банк пен Үкіметтің басты басымдығы саналады. Осы орайда жақсы үйлестірілген және кәсіби деңгейде жоспарланған жұмысты күтемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

adimage