Қазақстандық таэквондошы кадеттер арасында таэквондодан әлем чемпионатында «күміс» қанжығалады

Астана. 29 шілде. ҚазТАГ – Қазақстандық таэквондошы Ярина Пуганцова кадеттер арасында таэквондодан әлем чемпионатында екінші орын алды, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстандық таэквондошы Ярина Пуганцова кадеттер арасында таэквондодан әлем чемпионатында екінші орын алды. Ол 29 келіге дейінгі санатта екінші болды.Даянгте спортшы төрт жекпе-жек өткізіп, үш жеңіске жетті. Өкінішке орай, ирандық Баран Ливани Джамал финалда біздің таэквондошыдан мықты болды. Осылайша Пуганцова әлем чемпионатының күміс медаліне ие болды», - делінген жұмадағы хабарда.
Әлем чемпионатын София (Болгария) қабылдауда. Жарысқа 77 елдің спортшылары бағын сынауда.

adimage